Ссылки доступа

Біртанов: Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды


Belarus — Medical employees wear protective suits a they move a capsule with a woman inside as a measure to fight against the coronavirus disease contagion (COVID-19) from a dormitory in Minsk, 12mar2020
Belarus — Medical employees wear protective suits a they move a capsule with a woman inside as a measure to fight against the coronavirus disease contagion (COVID-19) from a dormitory in Minsk, 12mar2020

13 наурызда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды, олар Алматыда емдеуге жіберілді деп мәлімдеді.

- Олар Алматыда стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр, - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, олар 9 және 12 наурызда екі түрлі ұшақпен ұшып келген. Бір ұшақта болған 12 адамның барлығы карантинге жіберілді деді. Ал 9 наурыз күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу жағын қарастырып жатырмыз деді министр.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тараған Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған. 12 наурызда Қазақстан үкіметі мектеп оқушыларын демалысқа ерте шығарып, студенттерді онлайн оқуға көшіріп, мерекелік іс-шара мен ұшақ қатынасына шектеу енгізілетінін хабарлады.

Үш ай бұрын Қытайда тарай бастаған COVID-19 коронавирусын қазір 120-ға жуық елде 130 мыңға тарта адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 5 мыңға жуықтады. 70 мыңдай науқас аурудан айыққан.

XS
SM
MD
LG