Наурыз рәмізін Тәжікстан суретшілер одағы дайындаған деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Рәмізде уақыт пен ғарыш қозғалысын сипаттайтын жеті ыдыс бейнеленген. Олардың әрқайсысы ұлттық оюлармен көркемделген.
Еске салайық, тәжік билігі биыл Наурыз мерекесі күндері көпшілік шараларды ұйымдастырудан бас тартты. Мұндай шешім коронавирус эпидемиясына байланысты қабылданып отыр.