Ссылки доступа

Мәскеуде заңсыз мигранттарды ақша аудару кеңселері арқылы анықтап жатыр


Сотрудники полиции проводят проверку документов и личный досмотр мигрантов на рынке «Теплый стан» в Москве.
Сотрудники полиции проводят проверку документов и личный досмотр мигрантов на рынке «Теплый стан» в Москве.

Мәскеу қаласы прокуратурасы заңсыз мигранттарды шетелге ақша аудару кеңселері арқылы анықтап жатқанын хабарлады.

ТАСС агенттігіне сұхбат берген Мәскеу прокуроры Денис Поповтың айтуынша, заңсыз мигранттардың көп жүретін ауданы ақша аудару кеңселерінің көмегімен анықталған.

– Ресей қаржы мониторингі шетелге жылдам ақша аудару жүйесіндегі мәліметімен бөлісті. Сол арқылы астананың оңтүстік-шығысындағы аудандарда ақша Тәжікстанға, Өзбекстанға және Қырғызстанға жиі аударылатыны белгілі болды, – деді Денис Попов.

Прокурордың мәлімдеуінше, болашақта осы жүйенің көмегімен заңсыз мигранттардың еңбегін пайданаланып жүрген кәсіпкерлер анықталады.

"Қаладағы әрбір жетінші кісі өлтіру қылмысын, әрбір екінші кісі зорлау қылмысын мигранттар жасайды" деді Попов.

Ресей Орталық банкінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың басында бір ғана Мәскеуде көші-қон картасын аштырған мигранттар саны 1 миллионнан асқан. Қазір астанада 4,5 миллион мигрант бар. Олардың 644 мыңы ғана патентпен жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG