Ссылки доступа

Тәжікстан мен Өзбекстан Үлкен Гиссар каналын тазартып жатыр


Өзбекстан билігі Үлкен Гиссар каналын тазарту жұмыстарын екі айда бітіруді көздеп отыр.

Үлкен каналды 1942 жылы 25 мың тәжік және өзбек жұмысшысы салған. Оның ұзындығы - шамамен 50 шақырым. Үлкен Гиссар каналы 30 жылдан бері тазартылмаған.

Жұма, 13 наурызда Чаманстон қышлағында Өзбекстаннан келген 9 экскаватор тазарту жұмыстарын бастады.

Каналды басқару басшысы Нұрмахмад Гадоевтың айтуынша, екі елдің үкіметі каналды тазарту туралы келісім қабылдаған.

"1942 жылы салынған канал Рудаки, Гиссар және Шахринав аудандары мен Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы егістік жерлеріне су жеткізеді. Өткен жылы көрші елге 170 млн текмеметр су берілді. Канал тазартылған соң, 200 млн текшеметр су жеткізуге мүмкіндік бар", - деді ол.

XS
SM
MD
LG