Ссылки доступа

Қырғыз билігі "азық-түлік спекулянттарына" қатаң шара қолдануға уәде берді


Қырғызстанда билік халыққа аса қажетті азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер қатаң шара қолданады. Бұл туралы бірінші вице-премьер-министр Кубатбек Боронов хабарлады.

"Тиісті органдар азық-түлік бағасын бақылап отыр. Спекуляция жасағандарға қатаң шара қолданылады, олар қатаң жазаланады", - деді Боронов.

Ол елде азық-түлік қоры жеткілікті екенін айтты. "Тауардың дені Қазақстаннан келеді. Көрші елмен шекара ашық тұр. Азық-түлік келіп жатыр. Премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен телефон арқылы сөйлесті. Шектеу болмайды деген сөз", - деп қорытындылады Боронов.

Соңғы күндері халық коронавирус эпидемиясына байланысты азық-түлік дефициті болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Базарлар мен супермаркеттерде адам көп.

Қырғызстанда коронавирус тіркелген жоқ.

XS
SM
MD
LG