Ссылки доступа

Тәжікстан АҚШ Мемлекеттік департаментінің сынын "негіссіз" деп атады


Глава МИД Таджикистана Сироджиддин Мухриддин и Госсекретарь США Майк Помпео. Ташкент, 3 февраля 2020 года
Глава МИД Таджикистана Сироджиддин Мухриддин и Госсекретарь США Майк Помпео. Ташкент, 3 февраля 2020 года

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Құрама Штаттардың Тәжікстандағы адам құқығы жағдайына қатысты сынын "негіссіз" әрі "өзге елдің ішкі ісіне араласу" деп атады.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқығының жағдайына қатысты баяндамасын "елдің ішкі құжаты" деп есептейді. Министрлік мұндай баяндама екі елдің достық қарым-қатынасы мен әріптестігіне сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

"Мұндай талпыныс БҰҰ Жарғысында айтылған жалпы қағидаларға қайшы келеді. Бұны өзге елдің ішкі ісіне араласу деп қарастыруға болады" делінген Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің 13 наурызда таратқан мәлімдемесінде.

11 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығының жағдайына қатысты баяндамасын жариялап, онда Тәжікстан билігі бұрынғыша елде саяси плюрализмнің дамуына кедергі жасап отыр деп жазды. Мемлекеттік департамен Тәжікстанды "авторитарлы ел" деп атап, "президет Эмомали Рахмон мен оның жақтастары үлкен саяси күшке ие" екенін атап өтті.

Душанбе Вашингтонды Тәжікстандағы адам құқығы жағдайына қатысты "негізсіз мәліметтерді" таратпауға шақырды.

XS
SM
MD
LG