Ссылки доступа

Ауғанстан үкіметі тұтқындағы тәлібтерді босату жоспарын кейінге шегерді


Ауғанстан үкіметі тұтқындағы "Тәлибан" қозғалысының 1500 мүшесін босатуды кейінге шегеретінін мәлімдеді. Бұл бейбіт келісім мүмкіндігін қиындатып жатыр.

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Жавед Фейсал 14 наурызда тұтқындар тізімін қарауға көп уақыт керек деп мәлімдеді.

Осының алдында ғана, 11 наурызда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани ішкі жанжалды реттеу үшін, тұтқындарды босата бастайтынын айтқан.

Өткен айда "Тәлибан" қозғалысы соғысты тоқтату жөнінде АҚШ-пен келісімге келген.

Бұл келісімге сәйкес, Ауғанстан үкіметі 5000 тәлібті, керісінше тәлібтер 1000 тұтқынды босатуы тиіс болған.

Ауған үкіметінің мәлімдемесіне әзірге "Тәлибан" қозғалысы жауап берген жоқ.

XS
SM
MD
LG