Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі ең қажетті азық-түлік бағасын реттеу жөнінде бұйрық шығарды


Қырғыз үкіметі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейді. Осылай деп елдің үкімет басшысы Мухаммедкалый Аблыгазиев мәлімдеді.

Ол нан, қант, өсімдік майы секілді он бір өнімнің бағасын реттеу бойынша бұйрық шығарғанын айтты.

«Бүгіннен бастап Монополияны реттеу жөніндегі агенттік ұн мен нан бағасын анықтауға кіріседі. Арнайы шектеу енгіземіз. Баға сол шектен аспауы тиіс»,- деді премьер-министр.

Әлемде тарап жатқан коронавирусқа байланысты Қырғызстан тұрғындары да азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр. Осыған байланысты ең қажетті заттардың қымбаттағаны байқалады. Қырғыз үкіметі коронавирус індетіне байланысты байбалам туғызып, өз пайдасына асырып жатқандар жазаға тартылады деп ескертті.

XS
SM
MD
LG