Ссылки доступа

Ташкент автовокзалы тәулік бойы жұмыс режиміне көшті


Өзбекстанда барлық жоғары оқу орындары жабылғаннан кейін, Ташкент автовокзалы студенттерді үйіне қайтару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Бұл жөнінде көлік министрлігі Телеграм-каналы арқылы хабарлады.

«1800 жолаушы 17 қалааралық бағыт бойынша 35 автобусқа отырғызылды. 15 наурыздан бастап «Өзавтотранс Сервис» тағы 35 рейс шығарады. Жалпы алғанда 70 рейс 4000 жолаушыға қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Өзбекстанда коронавирус анықталғаннан кейін 16 наурыздан бастап барлық оқу орындарында демалыс жарияланды.

XS
SM
MD
LG