Ссылки доступа

АҚШ федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%- ға дейін азайтты


Федералды резер жүйесінің басшысы Джером Пауэлл
Федералды резер жүйесінің басшысы Джером Пауэлл

АҚШ президенті Дональд Трамп базалық мөлшерлемені 0 - 0,25%- ға дейін азайту туралы федералды резерв жүйесінің шешімін мақұлдады. Бұған дейін Трамп коронавирустан туған дағдарысқа тиімді қарсы тұру үшін ФРЖ басшылығын пайыздық мөлшерлемені төмендетуге шақырған.

Банк Goldman Sachs Group пандемияға байланысты АҚШ-тың бірінші кварталдағы экономика өсімі жайлы болжамды төмендетті. Банк биылдың алғашқы үш айындағы жалпы ішкі өнім бастапқы болжамдағыдай 0,7% емес, 0% деп бағалады.

Банк болжамынша, екінші кварталда өсім орнына 0,5% құлдырайды, үшінші кварталда АҚШ жалпы ішкі өнімі 1% - 3% аралығында болады.

Әлемде COVID-19 вирусын 162 мың адам жұқтырса, 6446-ы көз жұмған. 75,5 мың адам сауыққан. Індеттің кең таралуына байланысты көптеген дамыған елдердегі мыңдаған компаниялары жұмысын уақытша тоқтатып, келісім-шартты үзді. Соған қарамастан компания жұмысшыларына айлықты төлеуге мәжбүр болып жатыр.

Дүйсенбі күні Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде құнды қағазды жаппай сатудан бастады. Сидней биржасында құнды қағаз 7 процентке түсіп кетті. Мұнай бағасы 3 пайызға түсті. Тек алтынның ғана құны аздап өскен.

XS
SM
MD
LG