Ссылки доступа

Ташкент қазақ-өзбек шекарасында тұрып қалған тәжік азаматтарына елге кіруге рұқсат берді


Фото одного из читателей сайта Радио Озоди
Фото одного из читателей сайта Радио Озоди

Өзбекстан билігі Тәжікстанның қазақ-өзбек шекарасында тұрып қалған азаматтарына елге кіруге рұқсат берді.

Өзбекстан 16 наурыздан бастап өзге елдермен әуе және жол қатынасын жапты. Ресейден елге қайтқан тәжік мигранттары шекарадан өте алмай қалды.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, өзбек билігі дүйсенбі күні кешке ғана тәжік азаматтарына елге кіруге рұқсат берген. Бұның алдында елшілік Астана мен Ташкентпен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Дүйсенбі күні Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарға Қазақстан мен Өзбекстанға бармауға кеңес берді. Өйткені бұл елдерде коронавирус тіркелген.

XS
SM
MD
LG