Ссылки доступа

Қырғызстан түнгі клубтар мен кинотеатрларды уақытша жапты


Қырғыз үкіметі елде түнгі клубтарды, кинотеатрларды, компьютерлік ойын клубтарын, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы балалар алаңқайларын уақытша жабу туралы шешім қабылдады.

Сауда, қызмет көрсету және тамақтандыру салаларындағы азаматтар мен ұйымдарға көпшілік шаралар өткізбеуге кеңес берілді. Олар залдар мен бөлмелерде санитайзерлер, ауа тазалағыштар орнатып, қызметкерлерін дезинфекция заттарымен қамтамасыз етуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанда коронавирус тіркелген жоқ, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазір 341 адам карантинде отыр.

Әлемнің 143 елінде коронавирус тіркелді. Кеселді 153 мыңнан астам адам жұқтырды.

XS
SM
MD
LG