Ссылки доступа

Түркімен президенті мекемелерді адыраспанмен аластауға кеңес берді


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов с лекарственными растениями, 15 июля 2019. Кадры из репортажа государственного телевидения Туркменистана.
Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов с лекарственными растениями, 15 июля 2019. Кадры из репортажа государственного телевидения Туркменистана.

Әлемде коронавирус пандемиясы жарияланғанына қарамастан, Түркіменстан үкіметі бұл тақырыпты көп талқылай бермейді. Жиналыстардың бірінде президент коронавирустан сақтану үшін мекемелерді адыраспанмен аластауға кеңес берген.

Гурбангұлы Бердымұхамедов сөзінен соң, Түркіменстандағы мемлекеттік мекемелер мен мектеп ғимараттарын адыраспанмен аластау науқаны басталды. Бұл туралы Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісі хабарлады.​

"Барлық мекеме адыраспанмен аластатылды. Күнде. Таңертең, түсте немесе кешке, күніне екі мәрте" деп хабарлады тілші.

13 наурызда Түркіменстан президенті мемлекеттік даму мәселелеріне арналған жиналыста адыраспан "көптеген ауруға" тиімді ем екенін айтқан.

Түркіменстан билігі COVID-19 елге тіркелген жоқ деп отыр, бірақ Ашғабадта кем дегенде екі адам осы кеселді жұқтырғаны туралы ресми емес дерек бар.

Түркіменстан көрші елдермен шекарасын жапты, халықаралық рейстердің барлығы дерлік тоқтап тұр.

XS
SM
MD
LG