Ссылки доступа

Литвада тәжік оппозиционері Ильхомжон Ёкубовты ұрып кетті


Ильхомджон Ёкубов

Еуропадағы Орталық Азия мигранттары қауымдастығының басшысы Ильхомжон Ёкубовты Литвадағы Каунас қаласында ұрып кетті. Бұл туралы тәжік оппозициясының "Паём" сайтында хабарланды.

Тәжік оппозиционері бірнеше жылдан бері Каунаста тұрады.

Оқиға 16 наурызда таңертең болған. Ильхомжон Ёкубов полицияға арызданған.

Хабарларға қарағанда, полиция қызметкерлері оппозиционерге шабуылдаған екі күдіктінің бірін ұстады. Бірақ Каунас қаласының полициясы бұл мәліметті растады, жоққа да шығармады.

"Паем" сайтының хабарлауынша, шабуылдан Ёкубовтың мұрнына, басына және қабырғасына зақым келген.

Оппозиционердің айтуынша, оған тәжіктер шабуылдаған, екеуі де кәсіпқой спортшы. Куәгерлердің бірі полицияға хабарлаған.

Ильхомджон Ёкубов 2014 жылға дейін Тәжікстан ислам өркендеу партиясының Соғды облысындағы бөлімін басқарған. Ол саяси себептермен елден кетуге мәжбүр болып, Литваны паналады.

XS
SM
MD
LG