Ссылки доступа

Ресей шетелдіктерге шекарасын 1 мамырға дейін жабады


Михаил Мишустин. Ресей премьер-министрі

Ресей үкіметі 18 наурыздан 1 мамырға дейін шетел азаматтарына еліне кіруге тыйым салды. Бұл жөнінде премьер-министр Михаил Мишустин мәлімдеп, телефон арқылы бірнеше елдің үкімет басшыларына ескерткен.

Бірақ дипломатиялық өкілдік қызметкерлеріне, халықаралық көлік жүргізушілеріне және транзит арқылы өзге елге өтетін азаматтарға шектеу қойылмайды.

Мәскеуде 10 сәуірге дейін жаппай шаралардың бәріне тыйым салынды. Жабық мекемелерде адам саны 50-ден аспауы тиіс. 21 наурыздан бастап Мәскеуде барлық мектептер жабылады.

Әдетте сәуір-мамыр айларында Ресейге қарай еңбек мигранттары ағылады. Мәселен тәжік билігінің мәліметінше, былтыр жарты миллион азаматы Ресейге жұмыс істеуге барған. 2019 жылы тәжік мигранттары отанына 2,7 млрд доллар ақша аударған.

XS
SM
MD
LG