Ссылки доступа

Баспанасыз тәжік отбасы 20 жылдан бері көшіп-қонып жүр (видео)


Мухаббат Джонакова

Ерлі-зайыпты Мухаббат Жонакова мен Бобохон Беков балаларымен бірге баспанасының жоқтығынан 20 был бойы Хатлон облысының әр бұрышына көшіп-қонып келеді. Кейде олар контейнерге тоқтаса, жаз кезінде далада, кейде қоймаларда тұрады.

Отбасының бес баласы бар. Үлкенін Мухаббаттың анасы тәрбиелеп, тұрмысқа берген. Қазір екінші ұлының жасы 16-да. Ол үшінші сыныпқа дейін оқып, әрі қарай жалғастыра алмаған.

Қазір отбасы Леваканд қаласындағы контейнерде тұрады. Осыдан 20 жыл бұрын отағасын Яван ауданына күзетші болып жұмысқа шақырған. Содан бері далада қалып қойған.

«5 был бойы үш үлкен ғимаратты жалғыз өзім тазаладым. Айлық алмадым. Қожайын оның орнына жер береміз деп уәде берді. Ақыр соңында жер де, ақша да болмады. 10 сомони берді, болды», - дейді Мухаббат.

Двадцать лет скитаний одной семьи
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:18 0:00

Қазір отағасының денсаулығы жоқ, жүре алмайды, зейнет жасында.

Мухаббат жалғыз өзі отбасын асырап келеді. «Түнде киім тігемін, күндіз жер жыртамын. Кейде өзге әйелдермен пияз теруге барамын», - дейді ол.

Мухаббат отбасына үй салуға жер алғысы келетінін айтады. Сол үйде тұрып, балаларын оқытсам деп армандайды.

XS
SM
MD
LG