Ссылки доступа

Өзбекстан: барлық діни рәсімдер тек үйде жасалуы тиіс


Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайынша, жұма намаздар тек үйде орындалуы тиіс.

Осылай деп Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме таратты. Онда елде эпидемиологиялық ахуал жақсарып, коронавирус індеті жойылғанша, әрбір мұсылман діни рәсімдерін тек үйінде жасауы тиіс делінген.

Сонымен бірге елдегі денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын мұқият орындап, тазалық сақтау қажеттігі айтылған.

Қазақстан мешіттерінде де жұма намазға баруға тыйым салынды. Бірақ мешіттер жабылмайды. Азан оқыла береді.

XS
SM
MD
LG