Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі медициналық маска импортына салық салмайды


Қырғызстан аумағына шетелден әкелінген медициналық маскаға қосылған құн салығы салынбайды. Қырғыз премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев осындай қаулыға қол қойды.

Мұндай шешім халықты медициналық заттармен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сол үшін елдегі бірқатар заңға өзгеріс енгізілді.

Қырғызстанда салық салынатын тауарға қосылған құн салығы 12 пайыз көлемінде белгіленген.

Медициналық маска сұраныстың артуына байланысты Бішкек дәріханаларында оның бағасы бірнеше есе өсті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда әлемде коронавирусты пандемия деп жариялады.

XS
SM
MD
LG