Ссылки доступа

Өзбекстанда төрт параатлет допингпен ұсталды


Халықаралық Паралимпиада комитеті өзбекстандық төрт параатлетті жарыстан шеттетіп, біреуінің рекордын есептемей тастады. Бұл туралы ұйым сайтында хабарланды.

Комитет мәліметі бойынша, Исмира Исломова мен Шахзода Мамадалиеваның (пауэрлифтинг) 2018 жылы Францияда өткен әлем чемпионатында тапсырған сынамасынан допинг табылған. Атлеттер төрт жылға жарыстан шеттетілді.

Муслима Нүриддинова (пауэрлифтинг) тыйым салынған препаратты Қытай мен Жапонияда өткен турнирлерде қолданғаны анықталды. Ол да төрт жыл жарысқа қатыспайды.

Параатлет Камолахон Абдуллаева 2018 жылы Паразиада кезінде допинг қолданған. Ол 2023 жылға дейін жарыстан шеттетілді.

Халықаралық Паралимпиада комитетінің допингке қарсы күрес жөніндегі директоры Джеймс Склэйтер Өзбекстанда допингпен ұсталғандардың көбейгеніне алаңдап отыр.

XS
SM
MD
LG