"Сомон Эйр" әуе компаниясы әуе билеттерін сату тоқтағанын хабарлады.
Сейсенбіде Ресей үкіметі 18 наурыздан 1 мамырға дейін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарды ел аумағына кіргізуді шектеді.
"Бізге әуе билеттерін сатып алғандар көп хабарласып жатыр. Олардың дені билеттерді кері өткізгісі келеді", - деді душанбелік әуе кассаларының бірінің қызметкері. Оның айтуынша, әуе кассалары әзірге жолаушылардың ақшасын қайтарып жатқан жоқ. Олар түпкілікті шешімді күтіп отыр.
"Уральские авиалинии" әуе компаниясының Душанбедегі өкілі Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 18 наурыздан 1 мамырға дейін тоқтайтынын айтты. "Жолаушылар жүзеге аспайтын рейстерге алынған билеттерін өткізе алады", - деді ол.
Ресей үкіметінің шешімі осы елге жұмысқа баруды көздеген тәжік азаматтарын қиын жағдайда қалдырды.