Ссылки доступа

Әзербайжандық журналист Афган Мұхтарлы бостандыққа шықты


Әзербайжандық танымал журналист-диссидент Афган Мұхтарлы түрмеден босап шықты. Ол 2018 жылы алты жылға сотталған.

Уақытынан бұрын бостандыққа шыққан журналист Германияға кеткен. Бұл туралы оның бауыры Рамзан Мұхтарлы хабарлады.

2017 жылы 29 мамырда Афган Мұхтарлы Тбилисидегі үйінен шыққаннан соң жоғалып кетті. Бірнеше күннен соң оның Әзербайжанда екені белгілі болды. Журналисті бірнеше адам ұстап, басына қап кигізіп, ұрлап әкеткен.

Әзербайжанда оны мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті, контрабанда жасады, билік өкіліне қарсылық көрсетті деп айыптады.

Имидж – все. Почему азербайджанские правозащитники и независимые журналисты попадают в тюрьму
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:27:35 0:00

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев отбасына қатысты зерттеу жүргізген журналист 2015 жылы Грузияға қашуға мәжбүр болды.

Грузия билігі Мұхтарлыны ұрлауға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Соған қарамастан бірнеше шенеунік қызметтен алынған.

XS
SM
MD
LG