Ссылки доступа

Өзбекстан 18 наурыздан бастап мектеп мұғалімдерін ақысы төленетін демалысқа жіберді


"18 наурыздан бастап барлық мектептің мұғалімдері ақысы төленетін демалысқа шығады. Мектеп мұғалімдері, олардың орынбасарлары, психологтар, тазалаушылар мен күзетшілер жұмысын жалғастыра береді», – деп мәлімдеді Өзбекстанның білім министрі Шерзод Шерматов.

Министр алдағы аптадан бастап оқушыларға елдегі үш телеарна арқылы сабақ қарауға мүмкіндік беріледі деді. Сонымен бірге оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша Kitob.uz сайты арқылы аудиокітаптар тыңдай алатынын жеткізді.

«Ташкентте оқушылар электронды күнделік арқылы баға ала алады. Бұл жүйе біртіндеп барлық аймаққа тарайды», – деді министр.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті.

XS
SM
MD
LG