Ссылки доступа

Тәжік мигранттары Ресейге пойызға алған билеттерінің құнын қайтарып ала алмай жатыр


17 наурыздан бері Ресейге билет алып қойған тәжік азаматтары «Тәжік темір жолдары» компаниясының ғимаратына барып, билет ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр.

Тәжікстан-Ресей жолаушылар пойызы 17 наурыздан бастап 1 мамырға дейін тоқтатылды. Компания қызметкерлері билет құны жолаушыларға біртіндеп қайтарылатынын жеткізді.

Бірақ азаматтар ақшасын ала алмай жатқанын айтады. Душанбе тұрғыны Амиршо Алиев 17 наурызда Мәскеуге дейін 1150 сомониге билет сатып алған. “Бірақ 200 сомони (20 доллар) кем берді”, - дейді ол.

Дереккөз хабарлаған мәлімет бойынша, 8 мыңнан астам жолаушы билет сатып алған.

Осыған дейін Тәжікстаннан Ресейге аптасына төрт пойыз қатынаған.

XS
SM
MD
LG