Ссылки доступа

Мирзияевтің күйеу баласы: Өзбекстанда короновирус жұқтырғандардың аты-жөнін жариялағандар анықталды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы, мемлекет басшысы қауіпсіздік қызметі жетекшісінің орынбасары Отабек Умаровтың мәлімдеуінше, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың аты-жөні әлеуметтік желіде жарияланған.

Оның айтуынша, азаматтардың жеке мәліметтерін жариялағандар табылып, тергеушілер олардың бұл әрекетін заң тұрғысынан бағалап жатыр:

Өзбекстанда 15 адам коронавирус жұқтырды.

"Мемлекет азаматтардың құқығын қорғауға міндетті. ІІМ мен Бас прокуратураның жұмыс тобы жалған ақпарат таратқан 33 аккаунтты анықтады", - деді Умаров.

Президент Шавкат Мирзияев елде коронавирустың таралуына байланысты халыққа мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы жұқпалы кеселдің таралуына қатысты жағдай қатаң бақылауға алынғанын айтты.

XS
SM
MD
LG