"Кейбір тәжік ғалымы жеңіл жолды таңдап, шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін көшіріп алған", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы 18 наурызда Душанбеде ғалымдармен өткен кездесуде.
2018 жылы көктемде "Диссернет" порталы Тәжікстандағы диссертацияларға талдау жасап, шенеуніктер мен кәсіпорын жетекшілерінің көшіріп алынған еңбектерін жариялады. Олардың арасында вице-премьер Давлатали Саид (Саидов) пен президенттің кадр мәселелері жөніндегі көмекшісі Асадулло Рахмонов бар.
Плагиатпен айыпталғандардың дені үнсіз қалса, кейбірі "Диссернет" порталын айыптап шықты.
Эмомали Рахмон лауазымды тұлғалардың ғылыми атаққа ұмтылысын сынап, "ғылыммен айналысар алдын қызметтен кетсін" деп мәлімдеді.