Наурыз айында Нидерландта және Еуропаның басқа да елдерінде коронавирус өршіді, соның кесірінен Еуропалық Одаққа кіру-шығу шектелді. Кәрі құрлықта мәдени және басқа да көпшілік шаралар кейінге шегерілді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асса, жұқпалы дерттен 8200 адам қаза тапты. Мамандар пандемия қанша уақытқа созылатынын дөп басып айта алмай отыр. Байқауды ұйымдастырушылар оны көрерменсіз өткізу қажет деп санамайды.
Eurovision ән байқауын 2021 жылы ұйымдастыру мәселесіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр, бірақ оның нақты қайда өтетіні белгісіз.