Ссылки доступа

Алматы мен Ташкент үш жыл қатарынан әлемнің ең арзан он қаласы тізіміне енді


Городской базар в Ташкенте. Узбекистан, 29 ноября 2019 года.
Городской базар в Ташкенте. Узбекистан, 29 ноября 2019 года.

The Economist Intelligence Unit "2020 жылы әлемде өмір сүру құны" рейтингін жариялады. Зерттеуде әлемдегі ірі мегаполистердегі баспана, көлік, азық-түлік, киім, байланыс және басқа да қажетті заттардың бағасы ескерілген.

Қазақстандық Алматы қаласы мен Өзбекстан астанасы - Ташкент үш жыл қатарынан рейтингтің соңғы орындарына жайғасты.

Әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингін Гонконг пен Сингапур бастап тұр, бірақ биыл олардың қатарына жапондық Осака қаласы қосылды.

Әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енген Алматы рейтингте 131-орында тұр. Ал Ташкент тізімде 132-орын алды.

Зерттеу авторлары Алматы мен Ташкентте азық-түлік арзан екенін жазды. Ташкентте бір келі нан 1,05 доллар болса, Алматыда – 0,96 доллар. Қазақстан мен Өзбекстанда киім-кешек пен шаш қысқарту қызметі арзан екені атап көрсетілді.

XS
SM
MD
LG