Оның сөзінше, дүрбелең туған соңғы үш күнде халық 3,5 миллион медициналық маска сатып алған.
«Алып-сатарлар миллион маска сатып алып, шетелге қымбат бағаға сатпақ болды. Қаржы полициясы 1,5 миллион масканы тәркіледі», - деді премьер-министр.
Коронавирус Қырғызстанға да жетті деген ақпараттан кейін тұрғындар соңғы күндері дүрбелеңге түсіп, жаппай медициналық маска сатып алып жатыр. 5-7 сом тұрған маска 20-30 сомға (0.4 цент) бірден қымбаттады. Қазір дәріханаларда маска жоқ.