Ссылки доступа

Трамп коронавируспен күресу үшін әскери лауазымға ие болды


АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавируспен күресуді жылдамдату үшін өзіне төтенше лауазым иеленді.

Өзін "әскери кезеңдегі президентпін" деп атаған Трамп 1950 жылғы заңды негізге алды. Кореямен соғыс жылдары президент төтенше лауазымға ие болып, қажетті материалдарды өндіруді кеңейтуге бұйрық беретін заң қабылданған. Бүгінде бұл - респираторлар, маскалар, өкпеге оттегі жіберетін құралдар және коронавирустың жаңа түрімен күресуге арналған заттар.

Трамп АҚШ-та жағдай ушығып кетсе ғана заң талаптары қолданылады деді. "Бұған қажеттілік болмайды деп үміттенемін"- деп жазды твиттерге.

"Бұл – соғыс" деп атаған Трамп, коронавируспен күресті Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңімен салыстырып, құрбанның көп болатынын ескертті.

АҚШ-та соңғы мәлімет бойынша, коронавирусқа шалдыққандар саны 9 мыңнан асты, 139 адам қаза тапқан. Дональд Трамп АҚШ-қа виза беруді уақытша тоқтатты.

Сейсенбі күні Оксфорд университетінің ғалымдары коронавируске қан тапсырып, 30 минөт ішінде анықтай алатын тест шығарғанын мәлімдеді. Ал Дакардағы Пастер институты 10 минөтте анықтайтын тест дайындағанын әрі оның құны 1 доллар тұратынын хабарлады BBC.

Қазір АҚШ пен Израильде вирусқа қарсы вациналарды сынап жатыр. Егер ол сәтті болған күннің өзінде нарыққа келесі жылдың ортасында шығады. Ресей мен Ұлыбритания да вакцина әзірлеу үстінде.

Бейсенбі күні коронавирустың алғашқы ошағы шыққан Қытайдың Хубэй провинциясында бірінші рет бірде-бір коронавирус жұқтырған оқиға тіркелмеді.

Қазір әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 219 мың, олардың 84 мыңы жазылса, 9 мыңға жуығы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG