Ссылки доступа

Тәжікстан 16 елден келген азаматтарды карантинге жатқызып жатыр


Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 18 наурызда коронавирус кең тарап жатқан 16 елден келген тәжік және шетел азаматтары екі аптаға карантинге жатқызылады деп мәлімдеді.

Тәжікстанның бас санитар дәрігері бір күн бұрын Қытай, Иран, Италия, Корея, Ауғанстан, Франция, Испания, Швеция, Швейцария, Британия, Норвегия, Нидерланды, Германия, Бельгия, Дания және АҚШ-тан келген азаматтарды 14 күнге карантинге алу бойынша бұйрық шығарған.

Осыған дейін Қытай, Иран, Италия, Солтүстік Корея және Жапониядан келгендер ғана обсервацияға алынып келген.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандар әлі тіркелмегенін білдірді.

19 наурыздағы мәлімет бойынша, әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 9 мыңға жақындады. 220 мыңға жуық адам індетті жұқтырған. Қазір бірнеше мемлекет вирусқа қарсы вакцина әзірлеуге әрекет етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG