Ссылки доступа

Коронавирус: отанына оралған өзбекстандықтар карантинде жағдай жасалмағанын айтады (видео)


Чирчиктегі балалар лагерінде бір бөлмеде 5 адамнан жатыр
Чирчиктегі балалар лагерінде бір бөлмеде 5 адамнан жатыр

Шетелден отанына оралып, қазір карантинде жатқан өзбекстандықтар жағдай жасалмағанын айтады.

18 наурызда Мәскеуден оралған өзбекстандықтарды Ташкент облысы Чирчик қаласындағы балалар лагеріне орналастырған. Кейбірі онда жағдайдың өте нашар екенін айтады.

"Чирчикте бөлмелер мен төсектер тым кішкентай. Мәскеуден оралғандардың ішінде қариялар, әйелдер мен балалар бар. Арасында Podrobno.uz сайтының тілшісі де бар. Мұнда тіптен қол жуатын сабын да жоқ. Дәретхана мен жуынатын бөлмелер ортақ. Мұнда қандай карантин?" деп жазады Podrobno.uz сайтының тілшісі.

Возвращенные на родину узбекистанцы жалуются на условия содержания в карантине
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:07:56 0:00

Сол секілді 18 наурызда Дубайдан келгендерді Ташкент облысындағы "Кибрай" демалыс орнына орналастырған.

"Дубайдан әуежайға түскеннен кейін осында алып келді. Біз келістік, бірақ мұнда жағдай өте нашар. Адамдар риза емес, бәрі аш. Біз наразылық білдіргеннен кейін барып бір тілім нан мен шұжық берді. Карантин талаптарына ешқандай сәйкес келмейді", - дейді өзбек азаматының бірі.

Ал Латвия мен Ираннан келген азаматтарды Намангандағы "Касансай" демалыс орнына жатқызған.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жолаушылардың бәрі медициналық тексеруден өтіп жатыр, барлық жағдай жасалған дейді.

XS
SM
MD
LG