Ссылки доступа

Өзбекстанда сот саяси тұтқынды толық ақтап шықты


uzbekistan

18 наурызда Қашқадария облыстық сотының апелляциялық сот алқасы саяси тұтқын Чуян Маматқұловты толық ақтады. Бұл туралы "Эзгулик" адам құқықтарын қорғау қоғамының өкілі хабарлады.

50 жастағы белсенді 2012 жылы 29 тамызда ұсталды. 2013 жылы ол "кісі ұрлады", "конституциялық құрылымды өзгертуге талпынды", "алаяқтық жасады", "жалған куәлік берді" деген айыптармен он жылға сотталды. Маматқұлов тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды.

Ол Өзбекстандағы атышулы "Жаслык" колониясында отырды. Мұнда оны аяусыз азаптағаны туралы мәлімет бар. Адам құқығын қорғаушы 2018 жылы наурызда бостандыққа шығып, сот үкіміне шағым түсіретінін мәлімдеген.

Чуян Маматқұлов 2004 жылдан бері "Эзгулик" қоғамымен байланыс жасап, Қашқадария облысында адам құқығын қорғаумен шұғылданған.

XS
SM
MD
LG