Ссылки доступа

Тәжікстан халықаралық рейстерді уақытша тоқтатады


Тәжікстан 20 наурызда халықаралық жолаушы рейстері үшін әуе кеңістігін жабады. Бұл туралы Азаматтық авиация агенттігі хабарлады.

Агенттік директоры Икром Субхонзоданың айтуынша, бейсенбі күні халықаралық әуе компанияларына хат жолданған. Онда 20 наурыздан бастап рейстерді тоқтату талап етілген. Әуе кеңістігін жабу туралы шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып отыр.

Тыйымның халықаралық рейстерге ғана қатысы бар, ішкі рейстер тоқтамайды.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, елдегі бірқатар әуе компания қызметкерлерін жалақысыз демалысқа жібере бастады, бірақ бұл мәліметті компаниялар әзірге растамады, жоққа да шығармады.

Тәжікстанда коронавирус тіркелген жоқ. Үкімет жұқпалы кеселді таратпау жолдарын қолға алып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір жарым айда түрлі елдерден келген 1900 адам тексерілген. Қазір карантинде 400-ден астам адам жатыр.

XS
SM
MD
LG