Ссылки доступа

Тәжікстан билігі мешіттерде намаз оқуға рұқсат берді


Тәжікстанның дін комитеті 20 наурыздан бастап елдегі мешіттерде намаз оқуға рұқсат берді. Мешіттерде күнделікті және жұма намаз оқуға 5 наурызда уақытша тыйым салынған. Мұндай шешім коронавирус тарау қаупіне байланысты қабылданды.

"Біз тұрғындардан мынадай қиын-қыстау кезеңде мешіттерде тазалық ережелерін сақтауын сұраймыз" деді комитеттік баспасөз хатшысы Афшин Муким.

Еске салайық, 4 наурызда Тәжікстан Ислам орталығының үлемдері коронавирус қаупіне байланысты мешіттерде көпшілік намазды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Мұндай тыйым әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Билік оқу мекемелерін, мейрамханаларды, сауда орталықтары мен стадиондарды жаппай, мешітте намаз оқуға тыйым салды деп ашуланды олар.

Тәжікстан билігі Наурыздағы мерекелік шаралардан да бас тартқан. Дегенмен Худжанд қаласында халықаралық мерекеге қызу дайындық жүріп жатыр.

Тәжікстанда қазір 464 адам карантинде отыр.

XS
SM
MD
LG