Ссылки доступа

Тәжікстан ислам партиясының лидерін экстрадициялау үшін ЕО-мен келіссөз жүргізіп жатыр


Тәжікстанның бас прокуратурасы елінде тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы (ислам партиясы) партиясының лидері Мухиддин Кабириді ұстап, оны экстрадициялау үшін Еуропалық одақпен келіссіз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон 19 наурызда парламент отырысында айтты.

Ислам партиясының лидері Мухиддин Кабири 2015 жылдың көктемінен бері шетелде жүр.

Тәжікстанның Жоғарғы соты Мухиддин Кабириді 2018 жылы сырттай ұзақ мерзімге соттады. Билік оны бірнеше қылмыстық істер бойынша, оның ішінде елде қарулы бүлік шығармақ болды деп айыптайды.

Алайда ислам партиясының лидері өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді.

Ал Интерпол екі жыл бұрын Мухиддин Кабириді іздеу тізімінен алып тастады.

XS
SM
MD
LG