Ссылки доступа

Дереккөз: Түркіменстанда екі адамнан коронавирус анықталған


Түркіменстан үкіметі Ашғабадқа және барлық аймаққа еркін кіріп-шығуға шектеу қойды. Бұл коронавирустың кең тарап кетпеуіне жол бермеу үшін жасалынып жатқан шаралар деп түсіндірген ел үкіметі.

Азаттықтың түркімен қызметінің Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, 19 наурыздан бастап астананы жапқан. Қалаға келген көліктердің бәрі кері кетіп жатыр. Тек азық-түлік тасыған жүк көліктері ғана рұқсат қағазбен кіре алады.

Аймақтардағы тілшілер де қалаларға кіріп-шығуға шектеу қойылып жатқанын айтады.

Лебап уәлаятында әкімнің басқаруымен шұғыл жиналыс өткен. Әкімдіктегі дереккөздің тілшіге хабарлауынша, 20 наурыздан сәуір айының соңына дейін уәлаятты карантинге жабу туралы шешім қабылдаған.

Түркіменстан билігі елінде COVID-19 түріндегі коронавирус тіркелмеді деп мәлімдегенімен, өте қатаң шаралар қабылдап жатыр.

Алайда дереккөздің мәліметінше, Түркіменстанда коронавирус жұқтырған екі оқиға тіркелген. Індет ошағы Иранмен шекаралас аймақтан табылған.

XS
SM
MD
LG