Ссылки доступа

AIBA-ның бұрынғы басшысы Гафур Рахимовтың үйіне белгісіз біреулер "Молотов коктейлін" лақтырған


14 наурызға қараған түні белгісіз біреулер өзбек кәсіпкері Гафур Рахимовтың Ташкенттегі үйінің ауласына "Молотов коктейлін" лақтырып кеткен. Бұл туралы аты-жөнін атағысы келмеген құқық қорғау органдарының қызметкері жеткізді.

Оның сөзінше, қорасында өрт шығып, үйді күзететін адамның көлігі зақымданған. Үйдің жанынан жанармай құйылған үш бөтелке табылған.

Ақпаратқа қарағанда, кәсіпкердің әйелі Лола Рахимова бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдарына арыз жазған.

"Оның арызында өрт болғаны айтылмаған. Тек үйге ұрылар кіргені жазылған. Тергеушілер өрт сөндірушілермен барып тексерді. Рахимовтың көршілерінен түсінік хат жазып алынды. Бірақ әзірге қылмыстық іс қозғалмады. Сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады", - деді құқық қорғау қызметкері.

Рахимовтардың мүддесін қорғап жатқан адвокаттың айтуынша, отбасы бұл оқиғаның жария болғанын қаламайды.

Өзбекстан ІІМ-дегі дереккөз мәліметінше, Рахимовтармен көрші тұратын бұрынғы шенеунік ішкі істер министріне қылмыстық іс қозғамау туралы өтініш білдірген.

Гафур Рахимов 2019 жылы наурызда халықаралық бокс ассоциациясының (AIBA) президенті қызметінен кетуге мәжбүр болды. Бұған оның қылмыс әлемімен байланысы себеп болғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG