Ссылки доступа

Өзбекстанда "үйлерді дезинфекциялаймыз" деген алаяқтардың пайда болғанын ескертеді


Өзбекстанның ішкі істер министрлігі "пәтерлерді коронавирустан дезинфекциялаймыз" деген сылтаумен алаяқтар жүргенін ескертті.

ІІМ мәліметіне қарағанда, алаяқтар алдымен қарттар мен балаларды алдап, арбауы мүмкін.

Осыған байланысты министрлік азаматтарды үйіне дезинфекциялаймыз деп келген адамдарды кіргізбеуге шақырып жатыр.

«Егер сіздерге осындай талаппен келсе, бірден "102" нөміріне хабарласыңыздар», - деп айтылған хабарламада.

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 23-ке жетті.

XS
SM
MD
LG