Алайда Өзбекстан делегациясы коронавирус пандемиясы салдарынан Тәжікстанға келе алмады.
Мектеп құрылысы біткен. Қаржыны "Узбекистон темир йуллари" ("Өзбекстан темір жолдары") компаниясы бөлді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Спитамен ауданы Турсун Улжабоев ауылындағы № 12 орта мектептің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы ауданда Өзбекстан тұрғызған № 33 мектепті де ашуы тиіс еді. Бірақ өзбек делегациясы салтанатты шараға келе алмай, мектеп 27 маусымда ғана ашылатын болды.
Өзбекстан билігі 23 наурызда шекарадағы барлық бекеттерін жапты. Сәрсенбі күні елде коронавирус жұқтырғандар саны 56-ға жетті. Үкімет төрт науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлады.