Ссылки доступа

Қырғызстан Қытайдан коронавирусқа қарсы гуманитарлық көмек алды


Қытай үкіметі Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық жәрдем жөнелтті. Бұл туралы Коронавирусқа қарсы республикалық штаб хабарлады.

Штаб мәліметіне қарағанда, көмекті қырғыз тарабы 25 наурызда Нарындағы "Торугарт" шекара бекетінен қабылдап алған.

Қытай тарабы медицина қызметкерлеріне 10 мың респираторлық маска, 100 мың бірреттік маска, 1 мың жеке қорғану құралдарын берген. Сонымен бірге Қытайдың Қырғызстандағы елшілігіне 10 мың маска беріп жіберген.

26 наурыздағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда коронавирус анықталған адам саны 44-ке жеткен. Олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

25 наурыздан 15 сәуірге дейін Бішкек, Ош және Жалал-Абад қалалары мен бірнеше облыс аудандарына төтенше жағдай енгізілді.

XS
SM
MD
LG