Ссылки доступа

Тәжік билігі сел шайған ауылға бірнеше күннен кейін барып көмек жіберді (видео)


Село Халкаджар
Село Халкаджар

Тәжікстанның Хатлон облысының әкімдігі сел салдарын жою үшін Халкажар ауылына 50 әскери қызметкер мен 400 еріктіні жібергенін хабарлады.

Облыс әкімдігінің мәліметіне қарағанда, мұнан бөлек ауылға тазалау жұмыстары үшін төрт тонна жанармай, төрт жүк көлігі, жеті экскаватор және басқа да керекті техникалар жеткізілген.

Осыған дейін Халкажар ауылының тұрғындары селден бұзылған өңірге көмектеспей жатыр деп билікті сынаған болатын.

"Біздің жағдайымызды көруге ешкім келмеді. Өзіміз тазалап жатырмыз. Үйлері бұзылған тұрғындар бірнеше күннен бері көршілерінің үйінде тұрып жатыр. Жергілікті билік ауыл айналасын қоршағанда, мұндай сел жүрмейтін еді, - дейді Зарина Мавлонова есімді ауыл тұрғыны.

21 наурыз күні нөсер жаңбырдан Халкажар ауылына сел жүріп, ондаған үй, қораларды су шайып кетті. Бір адам қаза тапты.

Жергілікті биліктің мәліметіне қарағанда, 200-ден аса үй бүлінген.

В Таджикистане люди жалуются на бездействие власти во время селя
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

XS
SM
MD
LG