Ссылки доступа

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 100-ге жуықтады


26 наурыз түстегі мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда 97 адамға жетті. Бүгін түске қарай Нұр-Сұлтан қаласында 9 адамнан коронавирус табылғаны белгілі болды.

Алматыда - 34 адам, Нұр-Сұлтанда - 55 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда екі адам дерттен айыққаны хабарланды. Қазақстан 16 наурыздан бастап вирусқа байланысты төтенше жағдай режиміне көшкен.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 470 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны 21 мыңнан асып кетті. Вирус 190-нен астам елге тарады. 114 мыңнан астам адам дерттен айыққан.

XS
SM
MD
LG