Ссылки доступа

Өзбекстан түрмелеріне карантин енгізілді


Өзбекстанның барлық түрмелеріне карантин енгізілді. Бұл жөнінде елдің ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов мәлімдеді.

Оның сөзінше, жазасын өтеушілерге уақытша туыстарымен кездесуге рұқсат берілмейді. Оның орнына телефон арқылы байланысуына мүмкіндік беріледі.

Ал адвокаттары, тергеушілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін барып абақтыға кіре алады.

XS
SM
MD
LG