Ссылки доступа

Тәжікстанда халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді


Душанбе, проспект Исмоили Сомони
Душанбе, проспект Исмоили Сомони

Тәжікстанда бірқатар шетел елшіліктері және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді.

АҚШ пен Германия елшіліктері азаматтарды қабылдауды виза беруді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар 500 мыңнан асты. Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ деп отыр.

Америкалық "Интерньюс Тәжікстан" ұйымы Наурыз мерекесі қарсаңында-ақ қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге шығарған. "Тәжікстан билігінің осы уақытқа дейін карантин немесе төтенше жағдай жарияламай отырғаны түсініксіз. Билік бюджетке ақша түспей қала ма деп қорқатын секілді" деді ұйым өкілі Абдумалик Кодиров.

ЕҚЫҰ-ның Душанбедегі кеңсесі қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырды.

АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі қызметкерлерін демалысқа жіберді, ал Канада елшілігі жұмыс тәртібін өзгерткен жоқ. Ресейдің Душанбедегі елшілігі де жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG