Ссылки доступа

АҚШ-та Сенат үкіметтің халықты екі триллион доллармен қолдау бағдарламасын қабылдады


АҚШ Конгрессінің Сенаты үкіметтің компанияларға, тұрғындарға және денсаулық сақтау жүйесіне экономикалық қолдау көрсету бағдарламасын қабылдады. Заң жобасы 2,2 трлн доллар бөлуді қарастырады.

Бір жылдағы табысы 75 мың доллардан аз әрбір жасы үлкен америкалық 1200 доллар, ал әрбір бала 500 доллар алады. Сенат заң жобасын қабылдаған соң, оны Өкілдер палатасы қарайды. Одан соң құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қояды. Мемлекет басшысы заңды бекітетінін мәлімдеді.

Осылайша АҚШ дағдарысты еңсеруге әлемнің басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда көп қаражат бөледі. Мысалы, Ұлыбритания үкіметі экономикалық көмекке £330 млрд аударды.

АҚШ COVID-19 коронавирусымен күреске осымен үшінші заңын арнады. Бұның алдында Конгресс эпидемиямен күреске $8,3 млрд бөлген. Заң шығарушылар пандемия кезінде демалысқа шығуға мәжбүр болғандарға көмек ретінде $100 млрд аударуды қарастыратын заңды қолдаған.

АҚШ-та 26 наурызда коронавирус жұқтырғандар 81 мыңнан асты.

XS
SM
MD
LG