Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жээнбеков банктен дағдарысты еңсеру шаралары үшін қаржылай көмек беруін сұрады.
Кэндис МакДейганнің айтуынша, АДБ ел экономикасына қандай қауіп төніп тұрғанын есептеп жатыр.
Бұның алдында Жээнбеков Халықаралық валюта қорының Қырғызстандағы тұрақты өкілі Тигран Погосянмен кездескен. Жүздесуде мемлекет басшысы Қырғызстанға қаржылай көмек сұраған.
26 наурыздағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 44 адам коронавирус жұқтырды.
25 наурызда республиканың бірнеше қаласы мен ауданында төтенше жағдай жарияланып, комендант сағаты енгізілді.