Ссылки доступа

Ташкент коронавируспен күресте Қытай полициясының тәжірибесін үйреніп жатыр


Ташкент ішкі істер бас басқармасы (ІІББ) коронавирус пандемиясымен күресте Қытай полициясының тәжірибесін үйреніп жатыр. Бұл жөнінде Ташкент ІІББ баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Ташкентте құқық қорғау органдары басшылығы мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өкілі Лю Тунпинмен кездескені айтылған.

Кездесу барысында Қытай тарабы төтенше жағдай кезінде іс-әркеттерінің жобасын толық түсіндірген. Олар қолданған іс-шаралардың арқасында індеттің таралуы күрт төмендеген.

Мәселен, карантин кезінде Ухань қаласының тұрғындарына әр отбасынан бір адамға ғана үш күнде бір рет азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін сыртқа шығуға рұқсат берілген.

Сонымен бірге қоғамдық көлік тоқтаған. Эпидемия өршіп тұрған аймақ тұрғындарына өзге елді-мекенге баруға тыйым салынған. Бұдан бөлек тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілген.

Қытайда қаңтар айынан бері соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмған жағдай тіркелмеді. Шетелден келген 32 адамнан COVID-19 анықталған.

Пандемия басталғалы Қытайда 81,7 мың адам індетті жұқтырған. Олардың 3,3 мыңы көз жұмды. Ресми мәлімет бойынша, 77 мыңнан астам адам аурудан айыққан. Коронавирус ошағы алғаш шыққан Ухань қаласында ертеңнен бастап қоғамдық көлік қалыпты жүре бастайды.

XS
SM
MD
LG