Ссылки доступа

Қытайда эпидемия басталғалы бері соңғы тәулікте бірінші рет коронавирустан адам өлімі анықталмады


Қытайда қаңтар айынан бері бірінші рет соңғы тәулікте коронавирустан адам өлімі анықталмады. COVID-19 індетін жұқтырған жаңа 32 жағдай тіркелген. Олардың бәрі шетелден келген.

Пандемия басталғалы бері Қытайда 81,7 мың адам індетті жұқтырып, 3,3 мыңы қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, 77 мың адам емделіп шыққан. 8 сәуірден бастап індет ошағы алғаш шыққан Уханьда қоғамдық көліктер қалыпты жүре бастайды.

Джон Хопкинс институтының мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан бір тәулікте 5,3 мың адам қайтыс болған. Құрбан болғандардың жалпы саны – 74,8 мың адам.

Ең көп адам шығыны Италияда – 16 523 адам. Один кейін Испания (13 341), АҚШ (8 820), Франция (8 911), Ұлыбритания (5 373), Иран (3 739) және Қытайд (3 331).

АҚШ-та вирус анықталғандардың саны 368 241 адамға жетті. Бір Нью-Йоркте 70 мың адам індетті жұқтырған. Бұл қалада 3 мыңнан астам адам көз жұмды.

АҚШ президенті Дональд Трамп елінде көрсеткіштің көп болуының себебін тесті тұрғындардың бәрі тапсырып жатқанымен түсіндірді.

"Науқастар өте көп елдер бар. Бірақ ол жақта тест тапсырмайды. Сол себептен көп анықталмай жатыр", - деді президент.

Трамптың мәліметінше, бүгінгі күнге дейін АҚШ-та 1 млн-нан астам адам коронавирусқа тест тапсырған.

Ресейде індет жұқтырған 6343 жағдай тіркелді. 50 адам көз жұмған.

XS
SM
MD
LG