Ссылки доступа

Тәжік президентінің күйеу баласына тиесілі компанияға құрылыс материалдары базарын салуға жер берді


Тәжікстан үкіметі "Фароз" жабық акционерлік компаниясыне жер берді. Бұл компания президент Эмомали Рахмонның күйеу баласы Шамсулло Сохибовке тиесілі. Бес гектар жерге құрылыс материалдарының базары салынады.

Үкімет қаулысының көшірмесі Азаттық радиосының Тәжік қызметі - Озоди радиосының редакциясына жолданған. Еске салайық, өткен жылы жазда "Фароз" компаниясы өзін-өзі таратқаны мәлім болған.

Үкімет қаулысында "Фароз" компаниясына Душанбе қаласынан 4,96 га жер берілетіні айтылған. Компания бюджеттің арнайы есебіне 673 мың 274 сомони ($67 мың) аударуы тиіс.

"Фароз" компаниясы Тәжікстанда 2002 жылы тіркелген. Компания өзін жанармай саудасымен айналысатын кәсіпорын деп жарнамалайды.

2019 жылы жазда "Фароз" холдингі жабылды деп хабарланды. Дегенмен Озоди радиосы жүргізген зеттеу нәтижесінде холдинг әлі жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды. "Фарозға" 60-тан астам кәсіпорын кіреді. Олардың арасында жанармай бекеттері, медициналық зертханалар, кеден терминалдары, автомектептер, тау шаңғы кешені, алтын кені және басқа да пайдалы қазбалар кені бар.

XS
SM
MD
LG