Ссылки доступа

Ош қаласында комендант сағатын бұзған судьяға қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстанда Ош облыстық сотының судьясына қылмыстық іс қозғалды. Ол комендант сағатын бұзып, құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген. Бұл туралы Ош қаласы комендатурасының баспасөз хатшысы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 6 сәуірдің кешінде алкогольдік ішімдіктен мас болған судья комендант сағаты кезінде ұсталды. Ол милиция қызметкеріне қол көтерген. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ош облыстық сотының баспасөз хатшысы Бекзат Осмонкулов судьяның комендант сағаты басталғанда ұсталғанын растады.

Еске салайық, 22 наурызда Қырғызстанда коронавирус дертінен сақтану үшін төтенше жағдай жарияланды. 25 наурызда Бішкек, Ош және Жалал-Абад қалаларында, сонымен бірге елдің оңтүстігіндегі үш ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді.

ІІМ мәліметі бойынша, Қырғызстанда төтенше жағдай уақытында қылмыс деңгейі төмендеді.

XS
SM
MD
LG